Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы дойбыдан аудандық жарыс өткізілді.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған шараға 20 спортшы қатысты.
Заманынды Абайдың атасы Өскенбай, әкесі Құнанбай ойнаған ойынның нәтижесінде
ерлер арасында I орынды Беркін Алипов, II орынды Нұрболат Сатимов, III орынды Оңдаш Жакыбалдиев жеңіп алса, әйелдер арасында I орынды Замзагүл Аманбаева, II орынды Клара Утешова, III орынды Нұргүл Мақсотова иеленді.
Ал, Т.Итолғанов, М.Бузов, Э.Утемисова мен Ж.Есенғалиева жеңіске деген жігері үшін марапатталды.
Жарыстың жеңімпаздары бөлімнің дипломы мен медальдарын алды.
Ә.Теңдібай,
нұсқаушы-әдіскер