Теннисте топ жарғандар

(0 Votes)

Өткен жұмада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт күніне» орай үстел теннисінен мекемелер және жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өткізілді.

Мақат кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен шараны аталған бөлім басшысы міндетін атқарушы Н.Исполов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Мемлекеттік Гимн ойнатылған соң, мекемелерден келген 8 команданың  20 спортшысы сайысқа кірісіп кетті.

            Жарыс нәтижесінде ерлер арасында I орынды Жәнібек Боздақов, II орынды Мейрамбай Кереев, III орынды «Транстелеком» қызметкері Айдос Таубаев иеленді.

Ал, әйелдер арасында Дильназ Сисенова  I орын, Альбина Жәрдемқызы II орын, ХҚКО қызметкері Айсұлу Қалиева III орын иегері атанды.

Бұған қоса халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері А.Сагандыкова, А.Тажикенова мен С.Таумурынова жеңіске деген жігері үшін арнайы марапатталды.

Жарыстың жеңімпаздарына ұйымдастырушы атынан диплом беріліп, медаль тағылды.

 Ә.Теңдібай,

нұсқаушы-әдіскер
                                 

                    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT