Балдырғандар өз-ара сайысқа түсті

(0 Votes)

Х.Санбаев атындағы орта мектептің "Балдырған" шағын тобының шәкірттері   "Дені саудың жаны сау" атты спорттық сайыста сынға түсті.

Балаларға  денсаулықтың қадірін ұғындырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды бүгіннен көздеген сайыс ұйымдастырушылары "бұндай жарыстардың ептілік пен жылдамдықты арттыруға септігі мол",-дейді.

Бөбектер мен олардың ата-аналары бес кезең бойынша  бақ сынады. Алдымен әр топ өз-өздерін барынша әдемі етіп таныстырды. "Ұлулар сайысы"  деп аталатын жарыстың екінші кезеңі тіптен қызықты өтті. Балалар ата-аналарымен қол ұстасып жүгіріп ұжымдық дағдыларын бір тексеріп көрді. "Ептілер сайысында" секіртпемен зыр жүгірген желаяқтар "доптар сайысында" да табандылық танытты. Бесінші кезеңде  кімнің тапқыр  екені анықталып қазылар алқасы әділ бағасын берді.

Қызыққа толы кеш сыйлаған ұстаздар Толғанай Төлегенқызы мен  Асқар Тоқтарбайұлына ата-аналар дән риза болып, ақ алғыстарын білдірді.
 

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521