Аяқдопшылар үздік үштікте

Аяқдопшылар үздік үштікте
(0 Votes)

Жақында Жамбыл облысы Жаңатас қаласында өткен «Zhamankulov Cup»атты футзалдан республикалық турнирде жерлестеріміз  жүлделі орынды еншіледі.

Мақат Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің 2013-2014 жылғыоқушылары 17 командамен бақсынасып, үздік үштіктің қатарына енді.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын додада батыс өңірінен келген және жергілікті оңтүстіктің командаларымен қатар, көршілес Қырғызстан Республикасының командалары тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жерлестерміз жартылай финалда жергілікті «Жаңатас» командасынан «5:3» есебімен жеңіліс тауып, қола жүлдеге талас кезінде «8:1» есебімен қырғызстандық «Қаракөл» командасын ойсырата жеңді.

Сонымен қатар, Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Ақниет Құдайберген «Көрермен көзайымы» атанса, Аманбол Амангелді «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болды.

Футболшыларың айтулы жеңісінде бапкерлер Ержан Шарафиев пен Әнуар Теңдібайдың еңбектері орасан зор.

Олардың айтуынша:

“Алдағы уақыттағы жоспарымыз қазан айының 28-і күні басталатын 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігіне қатысу. Қазіргі таңда қазан айының 12-і күні Құлсары қаласында өтетін республикалық «BEKBATYR KIDS CUP» сайысына дайындық үстіндеміз. Жарыстарда үздік нәтиже көрсету үшін бар күш-жігерімізді саламыз”,-дейді бапкер Әнуар Теңдібай.

 

Б.Серік

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT