Атыраулық дзюдошы Азия кубогінде топ жарды

(0 Votes)

Кувейт астанасында дзюдодан Азия кубогі өтуде. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 3 қолаға ие болды. Оның ішінде 66 келі салмақта өңірлік спортшы Айболат Ыстыбай жеңіс тұғырынан көрініп, турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Спорттық додаға 27 елден 150-ден астам татами шеберлері қатысып, бақтарын сынауда.

Атыраулық А.Ыстыбай финалда қырғызстандық спортшы Ербол Абасбековты ұтты.

Айта кетейік, құрлықтық додада Қазақстан намысын 15 спортшы қорғауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT