Атырауда медициналық қызметкерлер күніне орай веломарафон өтті

Атырауда медициналық қызметкерлер күніне орай веломарафон өтті
(0 Votes)

Атырау қаласында Медициналық қызметкерлер күніне орай «Қозғалыс – бұл өмір» ұранымен кең ауқымды веломарафон ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараға 150-ден астам адам белсенді қатысты.

Велошеру маршруты С. Бейбарыс даңғылынан басталып, Атырау облыстық инфекциялық ауруханасына дейін жалғасты. Қатысушылар 12 шақырымнан астам қашықтықты велосипедпен жүріп өтті.

Шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасының басшылары, сондай-ақ өңірдегі барлық медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері қатысты.

Шеру соңында қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.

Бұл веломарафон – спорт пен салауатты өмір салтын қолдауға арналған жарқын акция ғана емес, медицина қызметкерлеріне деген құрмет.

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT