Атырау театры "Наурыз" мерекесіне байланысты конкурсқа түсінік берді

(0 Votes)

"Атырау облыстық академиялық қазақ драма  театрының директоры Берік Жаменов Наурыз мерекесіне байланысты жарияланған конкурс мемлекеттік сатып алуға жауапты маманның қателігі екендігін айтты" деп хабарлайды Atpress.kz

«10 наурыз күні театр  «ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес,  бір дереккөзден мемлекеттік сатып алу тәсілі негізінде, үш мекеменің баға ұсыныстарын сұрату арқылы ең төмен баға ұсынған  «ARSEN»  жеке кәсіпкерлігімен  116 300 000 теңгеге келісім шарт жасадық.

Атқарылған жұмыстардың қаражаты қабылдау актісіне сәйкес, іс шаралар өткізілген наурыз, мамыр, маусым айларында банктегі есеп шот арқылы төленді.

Мекеменің қаржылық және нормативтік құқықтық актілеріне талдау жасау барысында бұл конкурстың ашық порталда көрініс таппағанын анықтадым. Осыған орай, жауапты маманға тәртіптік жаза қолдандым.

Жауапты маман  кемшілікті жою мақсатында атқарылған, қаржысы төленген жұмыстарды ашық порталға бір дереккөзден мемлекеттік сатып алу тәсілі негізінде жариялаған.

Бұл туралы ол маған ескерткен жоқ.

Келісім - шартта көрсетілген 116 300 000 теңгенің қазіргі уақытқа дейін тек 54 850 000 теңгесі игерілді" деп атап өтті Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының директоры Берік Жаменов.

Атырау облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев бұл мәселеге байланысты, арнайы жұмыс  тобы құрылғанын атап өтті.

"Кез келген мемлекеттік органның іс-шаралар жоспарына сәйкес, жыл басында облыстық мәслихаттың шешімімен әр қайсына қажетті қаражат қарастырылып, бөлінеді.

Бұдан кейінгі процедуралардың заң шеңберінде орындалуы,  қаражаттың тиімді жұмасалуы әрбір мекеменің жеке жауапкершілігінде, яғни келісім шарт шеңберіндегі қаражатты мақсатына қарай игеру жұмыстары Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының құзіретіне жатады.

Аталған мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізілуде" деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT