Туберкулез деңгейі төмендеуі тиіс

(3 Votes)

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы және Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез профилактикасы мәселелерін БАҚ-та жариялау» тақырыбында журналистер арасында медиа-тренинг өтті.

Аталмыш шараға аудандық және облыстық газеттердің тілшілері қатысты. Тренинг «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы бойынша Project HOPE халықаралық ұйымымен іске асырылатын «Атырау қаласының балалары мен жасөспірімдері арасында туберкулез профилактикасы мен емдеу бойынша жоғары тиімді іс-шаралар енгізу» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Журналистер қауымына туберкулез тақырыбына қатысты қолданылатын терминдерді орынды пайдалану жайы түсіндірілді.

Шара барысында жоба авторы, фтизиатр-рентгенолог Жанна Дәулетбаева қатысушыларды тақырып бойынша ақпараттармен қамтамасыз етіп, мақаланы оқырманға қызықты жеткізудің жолдарымен бөлісті.

w

Сондай-ақ, тренинг барысында қатысушылар облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің балалар бөлімшесіне барып, тыныс-тіршілігін көзбен көріп қайтты. Аталмыш мекеменің бактериологиялық зертханасында болып, туберкулез дертін анықтаудың бірнеше әдістерімен танысты. Атап айтсақ, микроскопия, культуралды, Bactec MGIT 960 анализаторы, Gene-Xpert анализаторы, «BIONEER» анализаторларының жұмыс жасау әдістерін бақылады.

Үш күндік тренинг аясында халықты туберкулез туралы ақпараттандыру, журналистерді бұл тақырыпты аса жауапкершілікпен және қырағылықпен жазу мәселесін қатысушылар ұзақ талқылады. Журналистер өздерін қызықтырған сұраққа толық әрі нақты жауап тапты.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521