Осылайша, өңірде қауіпті дерттен айыққандардың саны 1088 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгін, 21 маусым күні Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 24 адамның жазылып шыққаны белгілі болды.
- Он тоғыз ер адам мен бес әйелге жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен. Олардың барлығы инфекциялық стационардан шығарылды, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Айта кетейік,бүгінде облыста коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандардың саны 1088-ге жетіп отыр.
Сурет: ашық дереккөз