Теңіз кенішінде COVID-19 жұқтырғандардың саны ұлғаюда

(0 Votes)

Атырауда​ Covid —​ 19 инфекциясына шалдыққандар саны 104 адамға жетті деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдайды қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.

Қауіпті індет табылғандар 1966, 1968, 1984, 1993 және 1995 жылы туған ер адамдар.​

Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін​ жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олар зертханалық сынамалар алынған болатын.​

Ал, алтыншы науқас 1997 жылғы қыз бала. Ол бұған дейінгі Атырау —​ Амстердам ​ рейсіндегі жолаушылармен байланыста болған.​

Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады.​

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлік қатаң бақылауға алынды.​

Ауру ошақтарында дезинфекция жасалуда.​

25 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында​ 104 адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.​

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT