Қызылқоғалық вирус жұқтырған әйел дені сау сәби босанды

(0 Votes)

Бүгін, 15 маусым күні Атырауда коронавирус инфекциясына шалдыққан жетінші жүкті әйел дені сау баланы өмірге әкелді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Акушерлік көмекке облыстық перинаталдық орталықтың мамандары атсалысқан. Қазіргі уақытта нәрестеден коронавирус инфекциясына талдау алынып, таза палатаға ауыстырылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, әйел Қызылқоға ауданының тұрғыны.

- Сәбидің салмағы - 3 келі 394 грамм, ал, бойы- 52 см. Екеуінің де жағдайы жақсы. Жас анаға тиісті ем шаралары әрі қарай жүргізілетін болады, - деп мәлімдеді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, бұған дейін облыстағы коронавирус диагнозымен ем қабылдап жатқан 4 және жазылып шыққан 2 әйел аман-есен босанған еді.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521