"Қызыл аймақ": Атырау облысында бір тәулікте Covid-19 жұқтырған 386 адам анықталды

(0 Votes)

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы әлі де  Атырау қаласы болып отыр  деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында  Covid-19 жұқтырудың 233 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 34, Индер ауданында - 24, Исатай ауданында - 6, Қызылқоға ауданында - 17, Құрманғазы ауданында - 15, Мақат ауданында - 5, Махамбет ауданында-16 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 281 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 170 адам емделді.

Қазір  2542 адам үй жағдайында, 188  адам  модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада - 207,  фтизиопульманологиялық орталықта - 99,  кардиоорталықта - 102, т/ж ауруханасында - 109, аудандық инфекциялық стационарларда - 304. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 161 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT