banner_damu

Қымбат онкологиялық дәрі-дәрмек науқастарға тегін берілетін болды

(0 Votes)

Тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы отырысы өтті. Отырыста тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі қарастырылып, бекітілді.

Ведомствоның Facebook-тегі парақшасындағы деректерге сәйкес, амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмек тізіміне бірқатар онкологиялық дәрі-дәрмекті, оның ішінде құны 2 млн теңге тұратын "Дабрафениб" дәрісін енгізу туралы шешім қабылданды. 

"Бұл норма пациенттерге аталған препаратты емдеу курсына байланысты дәрігердің тағайындауымен дәріханалардан алуына мүмкіндік береді", – делінген ведомство хабарламасында.

Бірыңғай дистрибьютор "Дабрафениб" ("Тафинлар") онкологиялық дәрісінің медициналық ұйымдарға қажет жылдық көлемін сатып алды. Ол бекітілген кесте бойынша өңірлерге таратылатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Тафинлар (Дабрафениб) дәрісі тегін дәрі-дәрмек тізімінде болмаған.

BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика