Өңірде вакциналау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

(0 Votes)

1 ақпаннан бастап бүгінге дейін өңірге вакцинаның 111 200 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдуәлиев онлайн-брифинг барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірге жеткізілген вакцинаның 68 411 (61.5%) дозасы игерілген. Оның ішінде «Спутник-V» вакцинасы 63 303 адамға, «QazVac» 1 088 адамға, «Hayat-Vax» 4 020 адамға егілді. Сондай-ақ, 16 маусымдағы вакциналар қалдығы - 42 789 доза.

- 18 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін облысқа барлығы ІІ компонентті вакцинаның 79 200 дозасы жеткізілді. Олардың ішінде 62 700 «Спутник V» вакцинасының дозасы, 7 500 «Hayat-Vax», 2 000 QazVac және 7000 доза Сorona Vac вакцинасы, – деді Асхан Байдуәлиев.

Айта кетейік облыс бойынша, вакциналардың II компонентімен егілгендер саны – 25 241 адам.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT