«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша Жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Шілде айының қорытындысы бойынша халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 3025 түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 42 млн теңгеден асты.
«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.
Анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары жалпы құны 3,8 млн теңгені құрайтын 2 мыңнан астам осындай кемшілік тіркеді. Сондай-ақ, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 457 факті анықталды.
«Түрлі мемлекеттік базалардан деректерді біріктіру және IT құралдарын қолдану, осы деректерді өңдеу мониторингінің сапасын айтарлықтай арттырады. Бұл адами факторды азайтуға мүмкіндік береді. Қазір Қор әртүрлі АЖ мен регистрлердің деректерін бір алаңда интеграциялау арқылы медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің толассыз мониторингін АЖ-де құру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл мониторинг процесін барынша автоматтандыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді филиал директоры С.Құралбек.
«Халық тарапынан қоғамдық бақылау, бір жағынан Қорға бұзушылықтарды анықтауға көмектеседі, екінші жағынан медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіреді. Сондықтан біз тұрғындарды өз деректерін мобильді қосымшаларда тексеруге және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Қорға немесе Қордың Атырау облысы бойынша филиалына хабарлауға шақырамыз», – деп атап өтті С. Құралбек.
Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
НАО «Фонд социального медицинского страхования»
филиалпо Атырауской области
Телефоны: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Единый колл центр – 1406
Сурет: ашық дереккөз