Қазір міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жобасына тіркеліп, жарна төлемеген жан тегін медициналық қызмет ала алмайды. Тіпті оған амбулаториялық деңгейде де көмек көрсетілмейді. Ондай жағдайда клиент жеке ақылы клиникаларға барып тексерілуге мәжбүр. Ал ол жерде қызмет бағасы аспандап тұр. Егер жарна төлеген болсаңыз тіпті сол жеке клиниканың өзіндегі қызметті де тегін тұтына аласыз.
МӘМС жүйесінде барсыз ба, жоқсыз ба, оны тексерудің жолы қарапайым. Бұл ретте мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.