"Денсаулық пойызы" ауданға аялдады

(0 Votes)

           "Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында  Алматы қаласынан шыққан «денсаулық пойызы» ауданға  келді.

Он төрт адамнан жасақталған дәрігерлер бригадасы аудан тұрғындарының денсаулығын тегін тексеріп, кеңес беруде. Көшпелі емхананың қызметіне жүгінген тұрғындардың қарасы да қалын.

kutushi

baladarigeri

Медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, кардиолог, УЗИ, эндоскопист, дерматовенеролог, флюорография, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты дәрігерлер бар. Пойыз 4 вагоннан тұрады. Заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған. Оның іші компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, диагностикалық жүктеме сынақтарын жүргізу үшін кардиологиялық мониторинг жүйесімен, сондай-ақ рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтардың соңғы үлгілерімен қамтамасыз етілген.

akimshilik

Дәрігерлердің жұмысын аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов және аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Батырбек Саламатұлына таныстырған Досмұхан Бақытұлы жергілікті медицина қызметкерлерін тәжірибе алмасуға шақырды. Сондай-ақ,  міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру қорының өкілі Аронов Сағынбек тұрғындарға сала бойынша ақпарат парақтарын таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

doktor

kozdarigeri

Биыл "денсаулық пойызы" 29 сәуір мен 21 желтоқсан аралығында жүргізіледі деп жоспарланған. Сегіз айдың ішінде ең шалғай деген аудандардағы медициналық көмекке мұқтаж тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді.  Бағдарлама аясында 40 мың адамға қызмет көрсетіледі деп күтілуде. Бүгінгі күнге дейін 18 мыңға жуық адамға консультативті-диагностикалық көмек көрсетіліп үлгерілген.

Айта өтейік, теміржол бойындағы медицина қызметі ертең Доссор кентіне жол тартады. Яғни, 19 және 20 қыркүйек аралығында жергілікті тұрғындарға таңғы сағат 09:00-ден-18:00-ге дейін ақысыз әлеуметтік көмек көрсетіледі.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT