Қазіргі таңда азаматтар үшін ең өзекті мәселелердің бірі – бұл консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту.
«Пациенттердің консультациялық-диагностикалық қызметтерді (КДҚ) алуды ұзақ күту проблемасын шешу жалпыға ортақ міндет болып табылады. Медициналық ұйым мен ӘМСҚ арасындағы шарт талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу қағидалары бойынша, егер КДҚ күту ұзақтығы күнтізбелік 10 күннен асатын болса, онда бұл шарт талаптарының бұзылуы болып табылады.
Бұл үшін медициналық ұйымдарға Қормен осы қызметті төлеген кезде ақша алу түрінде айыппұл салынады. Сондықтан клиникалар пациенттерді қажетті медициналық қызметтермен уақтылы қамтамасыз етуге мүдделі болуы керек.» - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов, Уақытылы медициналық көмек алу үшін не істеу керек және өз құқығыңыздың қорғауға қалай қол жеткізуге болады? Егер емхана өзінде қажетті қызметті уақтылы көрсете алмаса, сіз оны бірлесіп орындау шарты бойынша басқа клиникада алуға құқығыңыз бар. Жолдама ақпараттық жүйеде немесе қағаз түрінде учаскелік дәрігермен беріледі.
Егер жағдай шұғыл болса, онда сіз тек кезек күту тәртібіне жүгініп, жағдайды түсіндіре аласыз. Сондай-ақ, сіз қажетті қызмет көрсетілетін медициналық ұйымды өз бетіңізше табуға құқығыңыз бар. Ол міндетті түрде Қордың жеткізушісі болуы тиіс.
Мұны fms.kz ресми сайттан тексеруге болады, «Медициналық қызметтерді сатып алу» бөлімінде – «Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасы», немесе «КДҚ қызметтерді жеткізушілер» тізбесінде. Сіз сондай-ақ ақпаратты емхананың жауапты қызметкерінен сұрай аласыз.Есіңізде болсын, сіз таңдаған клиникадағы жазба да толық болуы мүмкін. Сондықтан бастапқыда қажетті кезеңге жазылу мүмкіндігін нақтылау алған дұрыс. Егер сізде күтуге мүмкіндік болмаса, онда сіз өз қалауыңыз бойынша ақылы қызмет ала аласыз. Егер учаскелік дәрігер сіз таңдаған клиникада бейінді маманға немесе диагностикалық зерттеулерге жолдама беруден бас тартса, сіз емхананың пациенттерді қолдау қызметіне хабарласып, жағдайды түсіндіріп, өз құқықтарыңызды талап етуіңіз керек.
Бұл қызмет жергілікті жерлерде осындай мәселелерді шешу үшін арнайы құрылған. Егер ол жерде де түсінікке жету мүмкін болмаса, емхана басшысының емдеу бөлімі жөніндегі орынбасарына немесе емхана басшысына хабарласуға болады. Мәселені шешу мүмкін болмаған жағдайда 1406 нөміріне хабарласуға болады, бұл халықтың өтініштерін қабылдайтын Қордың жедел желісі.
Сондай – ақ, басқа байланыс арналары бар-бұл Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBotв Telegram және Ресми сайт fms.kz.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 140