COVID-19: 31 тамыздағы эпидахуал
- Автор: Эльмира
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- 508
Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 126 науқас анықталды.
Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 85 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды. Жылыой -4, Махамбет ауданында - 1 адамнан анықталған.
Коронавирус инфекциясы бар 75 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 643 адам емделді.
Қазір 7 624 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 170, екінші облыстық ауруханада – 176, фтизиопульманологиялық орталықта - 53, кардиоорталықта - 73, т/ж ауруханасында – 83, облыстық ауруханада - 53, жатақханада - 76,
аудандық инфекциялық стационарларда – 279 және Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 451 науқас ем қабылдауда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.