Биыл тұмау коронавируспен асқынуы мүмкін

(0 Votes)

Пандемия жағдайында тұмау «covid-19» жұқпасымен қатарласып өтуі мүмкін. Сондықтан көпшілік жерге бармаған дұрыс,  - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 «Жедел респираторлық вирустық жұқпа ауа арқылы таралады.  Сондықтан, маусымдық жұқпадан ешкім қорғалмаған. Әсіресе, балалардың иммунитетін көтеретін құрамында С дәрумені бар тағамдарды көбірек қолдану керек.

Ең дұрысы  –  иммунитеті әлсіз  бала да, егде жасқа келген  үлкен кісі де  тұмауға қарсы екпе алғаны дұрыс», - деді  № 2 Атырау қалалық емханасының отбасы денсаулығы бөлімінің меңгерушісі Бексана Мағауия Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

whatsapp-image-2020-09-22-at-11_27_10

Айта кетелік, облыс бойынша  емханаларда 15 қыркүйек пен 15 қазан айы аралығында тұмауға қарсы екпе салу жүргізілуде.

Тегін вакцинаны мына топтағы адамдар алады:

 *Медицина қызметкерлері;

*Медициналық бақылауға жататын балалар;

*Алты айдан асқан көп ауыратын балалар;

*Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;

*Сәбилер үйлері балалары;

*Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары;

*Жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер;

*Жүрек - қантамыр жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар науқастар;

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT