Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
4 мамырдағы дерек бойынша "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентін 1953 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде 172 медицина қызметкері, 316 педагог, 12 полиция қызметкері, 24 студент, 29 жабық мекеме қызметкерлері, 56 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 69 мемлекеттік қызметкер, 8 созылмалы аурумен ауыратындар, 1267 жергілікті тұрғындар бар.
2021 жылғы 1 ақпан мен 4 мамыр аралығында "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентімен 33643 адам вакцинацияланды. II компонентпен 9612 адам егілді.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 36 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті ашылды.
Сурет: ашық дереккөз