Мақатта бір адамнан ковид анықталды

(0 Votes)

Бірнеше айдан бері инфекцияның таралуы бәсеңдеп, жұрт бұрынғы мамыражай күніне орала бастағандай еді. Бірақ соңғы күндері індет күшейді. Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3175 науқас тіркелді. Осылайша коронавирус пайда болғалы елімізде инфекцияны 1 млн 341 мың 265 адам жұқтырып отыр.

Ал, аудандағы жағдай бойынша бүгін 28 шілде күні Бәйгетөбе ауылдық округінен індет жұқтырған бір тұрғын тіркелсе, 23 шілде күні бір жасар Мақат кентінің кішкентай тұрғынынан ковид табылды. Осылайша шілде айындағы науқастардың тіркелу көрсеткіші екі адамды құрап отыр. Ал, жыл басынан бері ауданда 169 адам індет жұқтырып, оның 167-сі жазылып шыққан.
Аудан бойынша коронавирустік инфекцияға қарсы салынатын екпеге 13404 тұрғын жатады. Бүгінде оның 10499-ы екпемен қамтылған, бұл тек 78,3% құрайды. Ең жоғары көрсеткіш Мақат кентіне тиесілі. Мұндағы тұрғындардың 96% екпе салдырса, Бәйгетөбе ауылдық округі 68,5%, ал, Доссор кенті 56,3% екпемен қамтылған.
Сондай-ақ, аудан бойынша қайта вакцинациялануы қажет 8668 адамның бүгінгі күні тек 5453-і немесе 63% пайызы қайта вакцинацияланған. Ал, қайта ревакцинациялануға 696 адам жоспарланған, оның қазіргі таңда 260 адамы яғни 37,4% қайта ревакцинацияланған. Бүгінгі күні ауданда 302 доза VeroCell, 60 доза Pfizer, 15 доза QazVac вакциналары бар.

Фото ашық дерекөздерден алынды

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT