Атырау облысында ТЖ режимі кезінде 1846 сәби дүниеге келген

Атырау облысында ТЖ режимі кезінде 1846 сәби дүниеге келген
(0 Votes)

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері өңірде 1846 сәби туылған. 

Оның ішінде, нәрестелердің 961-і ұл, 885-і қыз бала. Айта кету керек, тасқын уақытында жылыойлық 8 нәресте Маңғыстау облысында өмірге келді. 5-7 сәуір күндері Маңғыстау облысының Бейнеу ауруханасында алты, 8 сәуір күні Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында бір сәби дүниеге келді.

Еске сала кетелік, 7 сәуірде Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Төтенше жағдай кезінде тасқынмен күреске облыс бойынша екі ай ішінде 17 549 адам және 1800 бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық Ұлан гвардиясы, ҰҚК Шекара қызметі, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен еріктілер бар.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT