Атырау облысында бір тәулікте 450 адам Covid-19 жұқтырған

(0 Votes)

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында  байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 450 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 247 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 102 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 47 науқас, Индер ауданында - 11, Исатайда - 7, Қызылқоға ауданында - 21, Құрманғазы ауданында- 6, Мақат ауданында - 6, Махамбет ауданында - 3 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 239 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 211 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 330 адам емделді.

Қазір 8 263 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 189, екінші облыстық ауруханада – 186 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 95, кардиоорталықта - 102, т/ж ауруханасында - 106 адам ем алуда,

аудандық инфекциялық стационарларда - 387, облыстық ауруханада - 176, жатақханада - 129, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 403 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT