Атырау ауруханасында қызылша жұқтырған 99 науқас ем қабылдауда

(0 Votes)
Атырау ауруханасында қызылша жұқтырған 99 науқас ем қабылдауда
Сурет: Pixabay.com

№2 Атырау облыстық ауруханасында қызылша жұқтырған 99 науқас ем қабылдауда, деп хабарлайды atr.kz тілшісі. 

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі таңда облыстық және аудандық аурухананың қызылша бөлімшесінде 121 науқас стационарлық ем қабылдауда. Оның ішінде, №2 Атырау облыстық ауруханасында 99 науқас емделіп жатса, оның – 78-і 1-5 жас аралығындағы балалар. Сондай-ақ, ауруханада сегіз жүкті әйел мен 13 ересек адам да қызылша ауруымен емделуде. Екі науқас – жансақтау бөлімшесінде ем қабылдауда. Аудандардағы ауруханаларда ем алып жатқандардың басым көпшілігі – балалар. Қазіргі таңда Махамбет аудандық ауруханасында ғана қызылшамен емделіп жатқан науқас жоқ.

Айта кетейік, облыста қызылша инфекциясының алғашқы жағдайы наурыз айында тіркелді. 2 наурыздан бастап 31 желтоқсанға дейін қызылшадан 1706 науқас стационарлық ем қабылдап шықты. 35-і жансақтау бөлімшесінде емделді.

Сауығып шыққан науқастардың екпе статусына келсек, олардың 58,9 пайызы екпе алмағандар болса, екпе жасына жетпегендер 23,5 пайызды құрап отыр.

Осы ретте қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз әрі тиімді шарасы –вакцинопрофилактика болып қала бермек.

Қазіргі уақытта облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүргізіледі. Вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде салынады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521