Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері көптеген күш-жігерді қажет етеді.
Биохимиктер, микробиологтар тарапынан ғана емес, сондай-ақ өндірушілер, санитарлы-эпидемиологиялық қызметтер, мемлекеттік органдар мен тұтынушылар тарапынан да талап етіледі. Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі жыл сайын артуда. Себебі азық-түлік өнімдері мен өндірістік шикізаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықтың денсаулығы мен гендік қорының сақталуын анықтайтын негізгі факторларының бірі болып табылады.
Азық-түлік өнімдері көп жағдайда тез бұзылатын болып келеді. Физиологиялық үрдістердің нәтижесінде және микробиологиялық ластанудың әсерінен адам денсаулығына қауіпті. Сондықтан сапаны бақылауда және қамтамасыз етуде әрбір өнімнің спецификасын терең меңгеру керек. Тамақ өнімдерін шығару көп мөлшерде әрі ұсақ және орташа өндірушілердің арқасында жүретіндіктен, бақылау шаралары қиындықтарға шалдығады.
Сапа - күрделі ұғым және оны қамтамасыз ету мамандардың творчествалық потенциалы мен тәжірибесін талап етеді.
Біздің елімізде сапа мәселесі маңызды болып қана қоймай , мемлекеттің, ұлттық бақылау органдарының, кәсіпорын басқармаларының, технологиялық тізбекке қатысы бар мамандардың бірлестігімен шешілуі керек.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі - белгiленген жарамдылық мерзiмi iшiнде тамақ өнімдерін пайдалану мен (немесе) сақтаудың адамдар өмірі, денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететiн тамақ өнімдерінің ерекшелiгi.
Азық-түлікті өндіру мен сақтау процестеріндегі жаңа бағыттар тағам өнімдерінің ассортименттерін көбейтуге, сақтау мерзімдерін жоғарылатуға және тұтынушы талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді, екінші жағынан адам денсаулығына қауіпті жаңа факторлардың тууына әкеп соқтырады.
Шығарылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мақсаттары мен міндеттерін мемлекет тағайындаған компетентті органдар белгілейді. Кәсіпорындарда жоғарғы басқармашылық тағайындайды.
Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық және саяси қатынастарға ауысуы азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігін айқын көрсетеді.
Сапа мәселесін шешудегі стратегиялық жол келесідей болу керек: тамақ өнімдерінің функционалды сапа көрсеткіштері бойынша сапасыз өнім алу қаупін болғызбайтын қауіпсіздік жүйесі болу керек. Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік органдар тарапынан, кәсіпорындарда өндірістік бақылау тарапынан тексеріс пен бақылау өте маңызды және негізгі жетістік кепілі болып азық-түлік өнімдерін өндіруде, өңдеуде, сақтауда және сатуда жауапкершілік пен адамгершілік принциптерін сақтау саналады.
Өмір сүру деңгейінің жоғарылауы тұтынушының өзінің тамақ өнімдеріне деген қарым-қатынасының өзгеруіне әкелді. Тұтынушылар өз тамақтануларына талапты болып, тек жақсы тамақтанып қана қоймай, әрі өз денсаулығына қатер тигізуден алшақ болуға тырысады және соған сәйкес қауіпсіздігі қамтамасыз етілген өнімдерді тұтынуға тырысады.
А.Асанова,
аудандық Тауарлар мен
көрсетілген қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін
бақылау басқармасы
басшысының у.м.а