Анасын қадірлеген арақ ішпейді

(0 Votes)

Бейсенбінің кешінде Мақаттағы орталық алаңда "Денсаулық - баға жетпес құндылық" акциясы өтті.

i

i

i

i

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, адам денсаулығының баға жетпес қазына екенін түсіндіру мақсатында өткен шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, аудандық аурухананың әлеуметтік қызметкері Сәуле Бекенбаева салауатты өмір салты жайында дәріс оқыды.

"Кім өзінің анасына қарыздармын деп есептесе, арақ ішпесін!", "Кім сұлу қызға жар боламын десе, темекі тартпасын!", "Кім тәрбиелі ұрпақ өсіремін десе, есірткі қолданбасын!", "Кім өз ұжымына қадірлі боламын десе, салауатты өмір салтын сақтасын" деп ұрандады үгіт бригадасы.

Сонымен қатар түрлі танымдық, жылдамдықты сынайтын ойындар ұйымдастырылып жұртшылықтың салауатты өмірге деген сауаттылығын бір тексеріп алды. Халықтық театр әртістері "Дәрігерге келген қария" көрінісін қойды. Соңы "ит" пен аяқталып, көп адамның "итін шығарып" жүрген аурулардың барлығын тізіп, көпшілікті күлкіге қарқ қылды.

Кешке қатысқан барша өнерпаздар мен ойынға атсалысқан бүлдіршіндер естелік сыйлықтармен марапатталды.

А.Садыков,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT