8 мыңнан астам атыраулық қан доноры болды

(0 Votes)

Өңірде жыл басынан бері 8128 адам қан доноры болған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Атырау облыстық қан орталығы күніне 20-80 адам қабылдап, 20-40 литр донорлық қан және оның компонентімен толықтырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Биыл ерікті түрде қан тапсырған азаматтардың қанынан 20 мыңға жуық доза дайындалып, емдеу-сауықтыру мекемелеріне жіберілген

- Жасы 18-ге толған, арнайы медициналық тексеруден өткен, қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ жеке тұлғалар донор бола алады. Облыстық қан орталығы облыстағы 16 медициналық ұйымды қан және оның компоненттерімен қажеттілігін толықтай қамтамасыз етіп келеді, - деді орталықтың статист маманы Арайлым Турениязова.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 11 039 адам донорлыққа ынталанып, 8128 адам қан тапсырған.

Сәуле МАҒАУ

Фото: Atpress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT