Жыл аяғына дейін облыс мектептері 18000 компьютермен жабдықталады

(0 Votes)

Атырау облысының мектептерінде 470 мұғалім жетіспейді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сұхбат берген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта облыста 470 мұғалім жетіспейді. Биыл педагогтар қатары 110 жас маманмен толығады. Оның 20-сы –бастауыш сынып мұғалімі. Ал, 8 мұғалім орыс сыныптарына сабақ беретін болады. Жаңа оқу жылында 582 бастауыш сынып ашылады. Оның ішінде 128 орыс сыныбы бар» -деді әкім.

Оның мәлім етуінше, бұл проблеманы шешу үшін педагог мамандығына оқитын студенттерге гранттар бөлінеді.

«Көктемде қашықтан оқыту үшін 1400 компьютер сатып алынған еді. Енді тамыз айында жергілікті бюджет есебінен тағы да 3000 компьютер сатып алынады. Жыл аяғына дейін республикалық бюджет қаржысына 18 мың компьютер сатып алу жоспарланып отыр», -деді Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 40-қа жуық жас ауылға барып жұмыс істейтінін хабарлағанбыз.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521