ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

(0 Votes)

Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен 2020 жылдың 25 мамырына дейін созылады.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі жаңа оқу жылында оқушылардың қалай демалатынын хабарлады.
Министрліктің 2019 жылғы 29 шілдедегі бұйрығына сүйенсек, келесі мерзімдер бекітілген:


-         2019-2020 оқу жылының басы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі;
-         бірінші сыныптар үшін оқу жылы 33 оқу аптасынан тұрса, 2-11(12)-сыныптар үшін – 34 оқу аптасынан;
-         күзгі демалыс 28 қазаннан 4 қарашаға дейін (7 күн);
-         қысқы демалыс – 30 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін (10 күн);
-         көктемгі демалыс – 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн);
-         Бірінші сыныптар қосымша 3 ақпан мен 9 ақпан аралығында демалады (7 күн).


Оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.
Еске сала кетсек, астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтті. Президент мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жылда екі есе өсіруді тапсырды.


Дереккөз: Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT