Өзара тәжірибе алмасты

(0 Votes)

Әр адам бос уақытын өзінше жоспарлайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды өткізу – әлдеқайда тиімді.

Әсіресе, баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру – заман талабы.

Бүгінде қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірме жұмыстары күннен-күнге ұлғая түсуде. Қосымша білім беру ұйымдарына – 100 жыл. Осыған орай, ауданымызда «Қосымша білім беру ұйымы педагогінің шығармашылығы» тақырыбымен облыстық қосымша білім беру педагогтары форумы өтті.

Қосымша білім беру арқылы балалардың шығармашылық әлеуеті мен қоғамға бейімделуін дамыту бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен таныстыруды көздеген форум жұмысына облыстық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Зина Керейқызы, аудандық білім беру бөлімінің мамандары мен әр ауданнан келген өнер мектебінің мұғалімдері мен ата-аналар қатысты.

Шара барысында аудандағы өнер мектептерінің ұстаздары мен оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды. Мақат балалар өнер мектебі оқушыларының ұлт- аспаптар оркестрінің орындауында «Тойбастар», «Би» шығармаларымен ашылған сазды бағдарламаны ұстаздардың еңбек жолы, шәкіртті тәрбиелеу, өнерге бейімдеу шаралары туралы деректі фильмге ұласты.

Өзара тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылып, ұстаздар пікір алмасты. Облыстық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Зина Керейқызы облыстық білім беру басқармасы атынан, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Индира Әміржанқызы аудандық білім беру бөлімі атынан өнер мектептерінің бірқатар мұғалімдерін алғыс хатпен марапаттап, қызметтеріне шығармашылық табыс тіледі.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521