Үлгілі тәрбиеші анықталды

(0 Votes)


Аптаның дүйсенбісінде  «Амина-Әсел» ясли балабақшасында әдіскер Ж.Ахметованың ұйымдастыруымен  "Үлгілі тәрбиеші" атты мерекелік сайыс өткізілді.

Байқау мектепке дейінгі  ұйымдағы  тәрбие  мен  оқыту  жүйесін  дамыту және педагогтардың  кәсіптік  жұмыстарының  үздік  түрлерін  және мамандық  маңыздылығын  көрсетуді мақсат етті. Бұл күні балабақша мерекеге сай безендіріліп, бүлдіршіндер тәрбиешілерін қолдауға жиналды. Сайысқа балабақшадағы әр топтың тәрбиешілері қатысты.

asel-4

asel-3

Тәрбиешілер сайыс барысында өздерін таныстырып, ситуациялық сұрақтарға жауап берді. "Кім жылдам?" сайысында өздерінің шапшаңдылықтарын көрсетсе, "Сән үлгісі" бөлімінде қазақы нақышта киім үлгісін көрсетті. Бірі  ән  салса, бірі  билеп, енді  бірі  мәнерлеп көркем  сөз  оқып, өздерінің тыңғылықты дайындығын көрсете білді. Осылайша тәрбиешілер бүлдіршіндер мен ата-аналар алдында басқа қырларынан танылды.

asel-5

asel-2

Нәтижесінде "Құлыншақ" тобының тәрбиешісі Г.Альмуханова жеңімпаз атанды. "Еркетай" тобының тәрбиешісі А.Омарова І орын, "Балбөбек" тобының тәрбиешісі А.Бекжанова ІІ орын және "Балауса" тобының тәрбиешісі Н.Бекмамбетова ІІІ орынмен марапатталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521