Ұлан – білім грантының иегері

Ұлан – білім грантының иегері
(0 Votes)

Жақында Алматы қаласында жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын, сондай-ақ ауыл оқушыларының ынтасын арттыру, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында  ұйымдастырылған «IQanat» олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.

Білімділер бас қосқан аталмыш олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 1000 оқушы қатысып, өзара бақ сынады.

Олимпиада қорытындысына сәйкес, жерлесіміз А.Құнанбаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ұлан Қуандықұлы химия пәнінен үздік атанып, «IQanat Білім беру қоры» Қоғамдық қорының білім грантына ие болды.

Осы ретте озат оқушының жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Ақкүміс Сариева оқушысынан болашақта зор үміт күтетінін жеткізді.

«Ұлан – мектебімізде озат оқушы. Сыныпта алғыр, сабақта белсенді. Ол өзіне тапсырылған жұмысты тиянақты түрде аса жауапкершілікпен орындайды. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, химиялық есептерді шығаруда үздік нәтиже көрсетіп жүр. Бұл ауданымыз үшін үлкен жетістік»,-дейді оқушының жетекшісі.

Айта кетейік, "IQanat" республикалық олимпиадасының жүлдегері Ұлан Қуандықұлы  аталмыш грант негізінде Бурабай қаласындағы «IQANAT HIGH SCHOOL OF BURABAY» мектебінде 10 және 11 сыныпты оқитын болады.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT