Мақаттық туристер бәрінен алда болды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының Сафон елді мекенінде Атырау облысының мектеп оқушылары арасында «Атамекен» өлкетану-туристік жорығы ұйымдастырылды.

Жорық сайыс түрінде өтті. Ауданымыздың жас жеткіншектері білім мен салуаттылықты серік еткен мықтылығын танытып, жарыстың алдыңғы сапынан табылды. Жарыс нәтижесі бойынша аудан командасы бірінші орынды иеленді.

Үш күнге созылған жорық барысында оқушылар өлке тарихымен танысып, табиғат аясында ұжыммен жұмыс жасау, қиындықты бөлісу секілді сынақтардан өтті. Құрманғазы ауданының өлкетану мұражайына саяхат жасап, ауданнан шыққан белгілі тұлғалардың өмірімен танысты. Флора мен фаунаның аса кең көлемде қоры бар Құрманғазы ауданының табиғатымен танысып, соны ақпарат алды. Туған өлке туралы оқушының білімі неғұрлым толық, терең, мазмұнды болса, бойында туған жерге деген және оның табиғатына, өз халқының салт- дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімдерін тереңнен қалыптастырады деген мақсатпен Атырау облыстық Білім беру басқармасы Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастырған шарасынан блалалар қанаттанып, жігерленіп қайтты.

Өлкедегі тарихи –мәдени орындарға саяхат жасау арқылы оқушылардың патриоттық сезімін оятуға басымдық берген сайыста оқушылардың техникалық, тактикалық, физикалық, өлкетанулық және медициналық бағыттағы негізгі білім базасы да сарапқа салынды. Оның ішінде: спорттық бағдарлау; «Ак-74» қаруын бөлшектеу және жинау; әскери-патриоттық әндер орындау; туристік тұрмыстық жағдай; туристік тағам дайындау, қабылдау; туристік техника; ұлттық ойындардан сайыс (мәлік тебу, асық ату, арқан тарту ) болды.

Н.ЕЛЕУОВ,

АӘД кабинет жетекшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521