Түлектер қияға қанат қақты

(0 Votes)

Мақат балалар өнер мектебінде «Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!» атты куәлік тапсыру салтанатты жиыны өтті.

Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Темірбайұлы, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру ұйымдарының әдіскері Дулат Ғалымжанұлы және мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары қатысты.
Алғашқы сөз кезегінде мектеп директоры Д.Маулекенов мектеп жетістіктерін баяндап, ата-аналарға алғысын білдіріп, мақтау қағаздары мен куәліктерді түлектерге табыстап, сәттілік тіледі. Келесі сөз кезегінде білім бөлімінің басшысы А.Темірбайұлы жыл бойы мәдени шараларда және байқауларда белсенділік танытып жүрген оқытушыларды, ал тәрбие жұмысы және қосымша білім беру ұйымдарының әдіскері Д.Ғалымжанұлы республикалық «Ақ шағала» би байқауының облыстық кезеңінде жүлделі орын иеленген «Әсем-ай» би тобын марапаттады.
Ата-аналарда мектеп ұжымына, жетекші оқытушыларға шексіз алғыстарын білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.

bf9d5709-0471-4da4-9c13-8334afe8ca4a
Өнер мектебі 2021-2022 оқу жылын 356 оқушымен аяқтады. Ал, 38 түлек «домбыра-тенор», «қобыз-прима», «сырнай», «күйсандық», «дәстүрлі ән», «хореография», «бейнелеу өнері» жеті мамандық бойынша оқуларын бітірді. Биылғы оқу жылында 188 оқушы озат болса, оның ішінде 25-і озат түлектер.
Түлектер облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі көптеген байқаулардың жүлделі орындарын бағындырып жүрген оқушылар. Осы оқу жылында аудандық, облыстық, республикалық байқаулардан 109 оқушы, халықаралық байқаулардан 91 оқушы жүлделі орын иеленді.

А.Дюсенов
Мақат балалар өнер мектебі директорының тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521