СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

(0 Votes)

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп базасында «Үздік сынып жетеші – 2022» аудандық байқауы өтті.

Байқауға Х.Санбаев, М.Баймұханов, О.Сарғұнанов, Б.Қанатбаев, Л.Шахатов атындағы орта мектептері және №2 бастауыш мектебі мен Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінен  жеті сынып жетекші қатысты.

Аудандық байқау білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асырудағы сынып жетекшілердің маңызды рөлін көрсету, жалпы орта білім беру жүйесіндегі сынып жетекшілердің қажеттілігін жетілдіру, білім мен тәрбие субьектілерінің құзырлылығын дамыту, кәсіби біліктілік деңгейін көтеру, шығармашылық шеберлігін арттыруды мақсат етті.

snimok-ekrana-343

Байқау екі кезең бойынша өткізілді. «Таныс болыңыз: сынып жетекші блогы» деп аталатын алғашқы бөлімде қатысушы сынып жетекшілер өзінің тәжірибесіндегі атқарған жұмыстарының нақты дәлелдерін (бұйрықтарын, кестелер, жоспар, жоспарға сәйкес іс-шаралардың өту барысынан суреттер, жарияланымдардың сілтемелері) таныстырып, қорғады.

Екінші «Шеберлік аукционы» бөлімінде қатысушылар өзінің жетекшілік қызметіндегі замануи сынып моделін ұсынды. Яғни, бұл бөлімде ұстаздардың дарыны мен шығармашылығы, интерпретациялық қабілеті бағаланды.

snimok-ekrana-345

Байқау нәтижесінде, аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен Л.Шахатов атындағы орта мектебінің сынып жетекшісі Әйгерім Қанатқызы, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің сынып жетекшісі Дария Рахимқызы, М.Баймұханов атындағы орта мектебінің сынып жетекшісі Гаухар Қалиоллақызы және Б.Қанабаев атындағы орта мектебінің сынып жетекшісі Іңкәр Саматқызы марапатталды.

Ал, №2 бастауыш мектебінің сынып жетекшісі Нұргүл Жанжігітқызы ІІІ орын иеленсе, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің сынып жетекшісі Райгүл Жанәбілқызы ІІ орынға қол жекізді.

Байқаудың жеңімпазы болып Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің сынып жетекшісі Әйгерім Русланқызы танылып, облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды.

 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521