Оқушылар Абай әлеміне саяхаттайды

(0 Votes)

Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы – Ұлы даланың құпиясын қойнына басқан баға жетпес қазынамыз. Ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Доссор кентіндегі А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде оқушыларына ақын, ойшыл хакім Абай шығармаларын терең  ұғынуларына  үлкен мүмкіндік туды.

Аталған мектепте «Абай әлеміне саяхат» клубы ашылды. Мектеп директоры Руслан Сарбалин ашып, клубтың келешегі зор болатынына сенім білдірді.

Салтанатты шараға  аудандық спорт дене шынықтыру, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы  Жандарбек Сарбасов, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Индира Әміржанқызы, мектептің ардагер ұстаздары және ата-аналар қатысты.

whatsapp-image-2020-03-03-at-08_51_34

 «Абай әлеміне саяхат» клубының мүшелері Абай өлеңдері мен қара сөздерінен алынған 33 сөзді қазақ тілінде, Елбасы ойларынан алынған 12 сөзді және Абайдың қара сөздерінен алынған 45 ой үзінділерін үш тілде жатқа айтуға жұмыстанады. Әр тоқсан сайын клуб мүшелері арасында жарыстар ұйымдастырылып, сондай-ақ, клуб мүшелері «Абай деп соққан жүректер» атты оқушылар шығармаларынан құрастырылған жинақ кітаптар шығаратын болады.

Шара барысында ардагер ұстаз Дәметкен Төлегенова лентасын қиса, Сергей Ибраев, Орынғали Тасбаев сынды ардагерлер ақ тілегін білдірді.

img_7281

Танымдық үйірмеге  мектептің  1 және 11 сынып оқушыларынан құралған 477 оқушы мүше. Жетекшілері мектеп директоры Руслан Сарбалин және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынгүл Исанғалиева, оқу ісі жөніндегі орынбасары Анаргүл Жарасова, ғылыми іс жөніндегі орынбасары Айнагүл Мұқанова, тәлімгерлер мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері. Олар  оқушыларды ақын әлеміне жетелейтін болады.

Шара барысында 1-4 сынып оқушылары ақынның табиғат лирикасын әр жыл мезгілінің «Жаз», «Күз», «Қыс» кейпіне еніп, өлең оқыса,  5-9 сынып оқушылары ақынның 45 қара сөзінен алынған үзіндіні және 10-11 сынып оқушылары Елбасы ойларынан алынған үзінділерді 3 тілде жатқа оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді.

whatsapp-image-2020-03-03-at-08_51_34-2

 «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты поэзиялық кешке ұласқан шара барысында  «13 жасар бала Абайдың оқудан оралуы» көрінісі сомдалды. Шеберліктеріне таңқалысқан көрермендер тіпті ұстаздар мен оқушыларды шынайы әртістерме деп қайран қалысты. Кеште оқушылар ақынның өлеңдеріне жазылған әндерін орындады.

Ұстаздардан құралған хор ұжымы «Көзімнің қарасы» әндерін шырқап, жиналғандарды бір серпілтіп тастады. Оқушылар «Өгіз бен бақа» және «Шегіртке мен құрмырсқа» аудармаларынан көріністерін қойды.

Кеш соңы Абайдың «Бірінші қара сөзімен» қорытындыланды.

whatsapp-image-2020-03-03-at-08_51_34-1

Өлеңдері оқылып, әндері шырқалып, күйлері күмбірлеп, аудармалары сомдалып, қарасөзі көрініс боп қойылған кеш тамашалаған көптің көңілінен шықты. Оқушыларға  ұлы Абай мұрасы бұл күнде әлемдік руханияттың ажырамас бір бөлігі екендігін ұғындырды.


М.ІЗТҰРҒАНОВА
Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521