Оқушылар ой жарыстырды

(0 Votes)

«Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» атты интеллектуалдық сайыс Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдер күніне арналды.

Өткен аптада Доссор мәдениет үйі ұжымы ұйымдастырған жарысқа кенттің озық ойлы мектеп оқушылары түсті. Олар үш кезеңнен тұратын сайыста тартысты да қызықты ойын-өрнегін көрсетіп, білімдерін және тапқырлықтарын ортаға салды.

«Ақылды ой» кезеңінде оқушылар «Қазақ фильм», «Латын әліпбиі», «Қазақстан», «Қазақ тілі және әдебиеті» ұяшықтары бойынша жасырылған сұрақтардың жауабын тапты. Кезекті «Кім жылдам?» кезеңі бойынша сайыскерлер оқылған жұмбақ, мақал және логикалық сұрақтардың шешімін табуда шапшаңдық танытты. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» бөлімінде қатысушы топтар экранда берілген суреттердің мағынасын ашып, ұпай жинауға тырысты.

Білім бәсекесінің қорытындысы бойынша Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушылары жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің және С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының оқушылары алғыс хатпен марапатталды. Барлық қатысушыларға арнайы диплом және естелік сыйлықтар табыс етілді. Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. Елбасымыз: «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Еліміз қай салада болмасын, қарқынды дамып, әлемдік кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін қанат сермеуде», – деген еді. Сондықтан да, жастардың бір-бірімен ой жарыстырып, білім деңгейін жоғарылатып, ой-өрісін дамытуда интеллектуалды сайыстардың берері мол.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521