Мектеп-интернатта ұстаздар арасында дебат өтті

(0 Votes)

Жастар арасында кең тараған пікірсайыс ойыны соңғы кезде еліміз бойынша жақсы дамуда. Оған дәлел оқушылар мен студенттер арасында әртүрлі деңгейдегі турнирлердің жиі ұйымдастырылуы. Біздің ауданымызда қолдау лайықты деңгейде болмаса да сайыстардың арасы үзіліп қалмайтындығы қуантады. Дебат ойындарына ерекше көңіл бөліп оқушыларымен қатар мұғалімдері де белсенділік танытатын білім ордасы деп С.Шарипов атындағы мектеп-интернатын айтуға болады.

Желтоқсан айының ортасында аталған білім ұясында «Тарих.Тағылым.Тәуелсіздік» тақырыбындағы тарих-география пәндері бірлестігінің онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазіргі мұғалім имиджіне көңіліңіз тола ма?» атты мұғалімдер арасындағы дебат ойындары ұйымдастырылды. Ұстаздардың барлығы дебатқа алғашқы рет қатысқандықтан оларға алдымен ойынның тәртібі мен қағидалары таныстырылды. Американдық парламенттік форматта ойнаған төрт фракция алғашқы кезеңде «Бұл палата оқушының тәртіпсіздігіне ұстаз жауапты деп санайды» деген қарар бойынша қызықты пікірталас қылды.

098989uiuyuy

Кейін іріктелген екі фракцияға «Бұл палата жаңартылған білім беру жүйесіне көшу ақталды деп есептейді» деген қарар берілді. Олар жаңартылған және дәстүрлі білім беру жүйелерінің өзара артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырды. Сайысты тарих пәнінің мұғалімі Серікболсын Беріков ұйымдастырып, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандық Таңғалиев төрелік етті. Қорытынды жасаудың кезі келгенде мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Данияр Қайырболатов «Тәлім-тәрбие» және «Намыс» фракцияларын ІІІ орын, «Жанашыр» фракциясын ІІ орын, «Ұшқын» фракциясын І орынмен  марапаттады.

 

А.ЕСЖАН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT