Марат Әбуов маңызды меморандумға қол қойды

Марат Әбуов маңызды меморандумға қол қойды
(0 Votes)

Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов «Caravan of Knowledge» Корпоративтік қоры және «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестігі өкілдерімен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Бұл туралы басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова мәлім етті. Меморандум аясында «SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және дамыту, сонымен қатар білім алушыларды қоғамдық, ерікті қызметке тарту, олардың қоғамдағы жауапкершілік сезімін арттыру және әлеуметтік қатысуын ынталандыру көзделген.

Айта кету керек, «SAQ-2024» жобасы оқытудың инновациялық компоненттерін енгізумен қатар білім беру бағдарламасында сертификаттық құрамының бар болуымен ерекшеленеді. Заманауи цифрлық технологияларды, ынталандыру жаттығулары мен ойындарды пайдалану оқушылар мен мұғалімдерге материалды жақсырақ түсініп, игеруге, сонымен қатар ТЖ кезінде әрекет ету дағдыларын іс жүзінде жүйелі түрде ұйымдастырылатын оқуда бекітуге көмектеседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT