Л.Шахатов атындағы мектебінің табалдырығын 81 оқушы аттады

(0 Votes)

 Күздің алғашқы күнінде еліміздің барлық білім беру ошағы оқушыларға есігін айқара ашты. Білім күні мерекесі ауданымыздағы Л.Шахатов атындағы орта мектепте «Мектебім – мейірім мекенім» тақырыбында арнайы салтанатпен аталып өтті.

Мерекелік шараға білім ордасының ұстаздары, оқушылар, ата-аналардан бөлек, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Индира Әміржанқызы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Светлана Ризақызы, аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Амангелді Ибатоллаұлы қатысты.

Алғашқы қоңырау салтанатында алдымен мектеп табалдырығын бүгін алғаш рет аттаған 1 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен ортаға сап түзеп, одан әрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Сондай-ақ, алғашқы болып сөз алған мектеп директоры Ғалымжан Бағытжанұлы білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Шара барысында оқушылар әуезді ән айтып, 1 сынып оқушылары жүрек жарды тақпақтарын көпшілік қауымына ұсынды. Ал, алғашқы қоңырау үнін биылғы оқу жылының түлектері мен 1 сынып оқушылары күмбірлете соқты.

Салтанатты жиын соңы әр сыныпта сынып сағатымен жалғасын тапты.

Айта кетейік, биыл Л.Шахатов атындағы орта мектебінде 81 бала 1 сыныпқа қабылданған. Оның 50-і қазақ, 31-і орыс сыныбында білім алмақ.

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT