Ислам – жеңіс тұғырында

Ислам – жеңіс тұғырында
(0 Votes)

Атырау қаласында облыстық білім беру басқармасының «балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми практикалық орталығының» ұйымдастыруымен «Декарбонизация және Мен» зерттеу жобасының облыстық кезеңі өтті. 

Байқаудың мақсаты – туған өлке табиғатын сақтау, экологиялық қауіпсіздік бойынша экологиялық білімді дамыту болды.

«Декарбонизация және Мен» зерттеу жобасының облыстық кезеңіне аудан, қала мектептерінен үздік деп танылған жұмыс түрлері ұсынылып, түрлі экологиялық жолсілтемелер таныстырылды. Өз өлкесінің экологиялық жағдайын зерттеген байқау қатысушылары арасындағы бәсеке төрт сағатқа созылды.

Тартысты бәсекеге қорытындысы бойынша Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ислам Шарапиденнің зерттеу жобасы үздік деп танылып, жүлделі I орын бұйырды. Алдағы уақытта Ислам республикалық кезеңде бақ сынайтын болады.

Облыста топ жарған шәкіртінің жетістігіне жетекшісі Х.Санбаев атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Жанар Бекішева да дән риза.

Ж.Нұрбегісқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT