Бүгін Атырау қаласында облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жыл мұғалімі - 2025» облыстық байқауы өтті.
Аталмыш байқау білім саласының үздік қызметкерлерін анықтай отыра, педагогтің оң имиджін қалыптастыру, шығармашылық белсенділікті дамыту, мұғалім мамандығының беделін арттыру мен инновациялық идеяларды қолдау және насихаттауды мақсат тұтты.
Байқауға аудандық іріктеу сайысынан үздік деп танылған білім қызметкерлері қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктері мен лайықты еңбектерін бағалауға мүмкіндік алды.
Нәтижесінде Л.Шахатов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ғалымжан Орынбаевтың жұмысы үздік деп танылып, «Жыл мұғалімі - 2025» облыстық байқауында жүлделі үшінші орынға ие болды.
Осылайша, Ғалымжан Бағытжанұлы өзінің үздіксіз ізденісі мен сапалы білім беру жолындағы адал еңбегінің нәтижесін көрсете білді.
Г.Жұбанышқалиева