Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдап, арнайы марапат ұсынған болатын.
Бұл білім мен ғылымды серік еткен оқушылардың және олардың ата-аналарының, ұстаздарының еңбегін бағалаудың жарқын көрінісі болды.
Осындай кездесулер оқушылардың тек білім-ғылымға ғана емес, жастарға сенім арту, олардың талантын дамытуға қолдау білдірудің айқын белгісі әрі ел тағдырына деген жауапкершілігін де арттырады деп есептеймін.
Өйткені, ел болашағы - дарынды жастардың қолында!
Сәбит Халенов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы