"Біз латынша жазамыз"

(0 Votes)

Елбасымыздың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастайтындығы жөнінде айтқаны белгілі.

Осы мақалаға орай Мақат кентіндегі Х.Санбаев атындағы орта мектебінде «Латын алфавитіне көшу – болашаққа бастар бағыт» атты жастарға түсінік жұмыстары жүргізілді.

Латын алфавитіне көшудегі мақсат – ұлтымыздың санасын бұғаудан босату, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашу. Түсінік жұмыстары барысында бейнеролик көрсетілді және латын алфавитінің соңғы бекітілген нұсқасы бойынша жастар бірнеше сөйлем жазып, жаңа жазу үлгісіне деген ой-пікірлерін білдірді. Шара соңында сергіту сәті ретінде тақырып бойынша рефлексиялық сұрақтар қойылып, ақпарат алмасты.

Әйгерім НҰРЛАНҚЫЗЫ,

жастар ресурстық орталығының маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521