Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым.
Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек Білім күні мерекесінде Л.Шахатов атындағы орта мектепте салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Салтанатты жиынға аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Абдолов, ардагер ұстаз С.Саршаев, Ж.Сайынқызы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы К.Алишева қатысты.
Әнұранмен ашылған шарада мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Ұ.Елубаева барлық оқушыларға алдағы уақытта жақсы білім мен тәрбие алуға еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.
Мектеп бойынша 852 оқушы білім нәрімен сусындауда. Ал, мектеп табалдырығын 151 оқушы аттады.
Мұнан кейін аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Абдолов тамыз конференциясында Елбасы Қ.Тоқаевтың педагог мәртебесін жоғарылатып, мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасы мен заман ағымына сай инфрақұрылым мен материалдық қор жасақтау қажеттігін айтқандығын жадылады.
Педагог мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдың ішінде 2 есеге арттыруды тапсырғанын, еңбек демалысы 56 күнге дейін көбейту жөніндегі жағымды жаңалықпен барша педагогтар қанықты.
Білім күніне арналған салтанатты шарадан соң ,бар сыныпта«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты азаматтық және патриоттық сабағы өтті.
А.ТАУМҰРЫНОВА,
суреттер автордікі