Қазақстандық университеттердің рекордтық саны QS WUR рейтингіне енді

(0 Votes)

Әлемдегі ең беделді университет рейтингтерінің бірі саналатын Quacquarelli Symonds World University Rankings халықаралық академиялық рейтингіне қазақстандық 16 ЖОО енді. Соңғы 3 жылда беделді рейтингтегі университеттер саны екі есеге өсті: 2018 жылы рейтингте 8 отандық ЖОО, 2021 жылы 14 жоғары оқу орны.

Алғаш рет отандық университет, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің үздік 150 университетінің қатарына енді.
Бір жылдың ішінде университет көрсеткіштерін жақсартып, 175-орыннан бірден 25 позицияға көтерілді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 51 сатыға көтеріліп, алғаш рет ТОП-300-дің қатарына кіріп, осылайша ЖОО 277-орыннан көрінді.
Satbayev University шамамен 100 позицияға көтеріліп, QS WUR рейтингінің 405-орнын алды.
Сонымен қатар Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті де өз жұмысын айтарлықтай нығайтты.
Биыл әлемдік рейтингке енген қазақстандық жоғары оқу орындарының тізімін Алматы технологиялық университеті мен Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті толықтырды.
«Биыл барлығы қазақстандық 16 ЖОО QS WUR рейтингіне енді, былтыр олардың саны 14 болатын. Ал оған дейін 8 университет болды. Жақында университеттеріміз тағы бір әлемдік Times higher education рейтингінде өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Бұл екі беделді рейтинг. Осының барлығы қазақстандық жоғары білімнің халықаралық деңгейде таныла бастағанының дәлелі. Әлемдік рейтингтерде көтерілу – қазақстандық білім сапасының жақсарғанының және университеттердің жоғары мәртебесінің айқын көрсеткіші. Бұл біздің университеттердің халықаралық аренадағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Университеттерді трансформациялау, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың белсенді жұмысының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді», - деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова.
Отандық университеттер үшін ең басты критерийлердің бірі – академиялық бедел мен жұмыс берушілер арасындағы бедел. Сондай-ақ университеттердің ғылыми ынтымақтастық пен жаһандық жетістіктері де атап өтілді.
QS WUR әлемнің үздік университеттерінің тізімі 2004 жылдан бері жарияланып келеді.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521