Ауданда оқулық тапшылығы шешілді

(0 Votes)

Биылғы 2020-2021 оқу жылында мектептерді оқулықпен қамту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 41 млн 48 мың теңге бөлінген болатын. Аталмыш қаражатқа 10 баспадан 22077 дана оқулық жеткізіліп, мектептерге таратылды. Дегенмен, оқулық тапшылығы бұнымен жойылмады. Бұдан кейін де мектептерде алты жүзге жуық кітап жетіспеушілігі сезілді.

Бұл мәселені аудандық білім беру бөлімі мектептердегі артық оқулықтарды бір-бірінің орнын толтыру арқылы шешті.

Яғни, Х.Санбаев атындағы орта мектебіне қажетті 9-сыныптың 116 дана кітабы Л.Шахатов атындағы орта мектебі және Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінен алынды. Ал, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатына жетіспеген 7,8,9,10 сыныптардың 22 дана кітабы Х.Санбаев, Б.Қанатбаев, А.Құнанбаев, М.Баймұханов атындағы мектептерден жеткізілді.

Сондай-ақ, М.Баймұханов атындағы орта мектебіне қажетті 2,5,7,8 сыныптарға арналған 148 дана кітап Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінен,  Х.Санбаев атындағы орта мектебінен және Л.Шахатов атындағы орта мектебінен берілді.

Л.Шахатов атындағы орта мектебіне тапшы 2,5,6 сыныптардың 93 дана кітабы О.Сарғұнанов атындағы орта мектебі және Х.Санбаев атындағы орта мектебінен сұраныс бойынша алынды.

Б.Қанатбаев атындағы орта мектебіне қажетті 4,6,10 сыныптардың 178 дана кітабы Х.Санбаев, М.Баймұханов, А.Құнанбаев атындағы орта мектептерінен берілді. Сондай-ақ, Х.Санбаев атындағы орта мектебіне қажетті 9-сыныптың кітаптары Атырау қаласынан сұрастырылды.

Оқушыға ең қажеттісі — оқулық. Жаңа оқу жылының басталғанына бір айға жуықтап қалса да, оқушыларға негізгі пәндер үшін арналған оқулықтар тапшылығы енді шешілгендей. 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет: ашық дереккөз

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521