Ауданда «Алтын түлек» олимпиадасы өтті

Ауданда «Алтын түлек» олимпиадасы өтті
фото: Аудандық білім бөлімінен алынды
(0 Votes)

 Таяуда Бәйгетөбе мектеп бөбекжай-кешенінде жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңі өткен болатын.

Олимпиаданың мақсаты – математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру және жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылығын ояту болды.

Аталған олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерден қазан айында өткен мектепішілік кезеңнен жоғары ұпай жинаған 17 оқушы қатысты.

Нәтижесінде, 10 сынып оқушыларынан Арсен Амангелді, Амандық Боранбай I орын, Нұрай Серікбай II орын, Азамат Жақсығали мен Азиза Құдайберген III орын иеленді. Ал, 11 сынып оқушыларынан Дильназ Орынбасар I орын, Ұлжан Қалкен II орын, Дораш Берік пен Ерназ Аманбай III орынды жеңіп алды.

Осылайша үздік нәтиже көрсеткен 9 оқушы алдағы облыстық кезеңде бақ сынайтын болады.

Ә.ТАЛҒАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT