Аудан мектептеріне тегін 200 компьютер таратылды

(0 Votes)

Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Аdaldyq alany» өкілінің қатысуымен Л.Шахатов атындағы орта мектебінде білім беру ұяларының басшыларына қашықтан білім алып жатқан өңір оқушылары үшін су жаңа компьютерлер табысталды.

Үкімет қорының резервінен және республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа өңірге 200 дана компьютер жеткізілді. Техниканың қасында қосымша құлаққап және веб-камерасы бар.

Атап айтсақ, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі, Х.Санбаев атындағы орта мектебі, М.Баймұханов атындағы орта мектебіне – 30, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені, №2 Бастауыш мектебіне – 15, А.Құнанбаев атындағы орта мектебі, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебі, С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты, Л.Шахатов атындағы орта мектебіне – 20  данадан компьютер бөлініп берілді.

komp-2

«Бұл құрылғылар осал топтағы отбасы балаларына және озат оқушыларға берілетін болады. Компьютерлер мектеп балансына берілгендіктен, қайтарымды акт арқылы таратылуда»,- деді аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Индира Әміржанқызы.

Бұдан бөлек қыркүйек айында өңірге 206 планшет берілген болатын, енді тағы 1025 дана ноутбук келеді деп күтілуде.

komp-3

Жалпы қайтарымды негізде беріліп жатқан бұл құрылғыларды ұқыпты ұстаған абзал. Себебі мектеп меншігіндегі жабдықтар бұзылып қалса, орнын толтыруға тура келеді.

Жалпы, ауданда жаңа оқу жылын 6160 оқушы бастады. Оның 989-ы кезекші сыныпта білім алса,  5171 оқушы онлайн оқуда.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521